Ақтөбе облысында жоғалып кеткен ер адам табылды
Іздеуге дрон мен кинологтар тартылды
Ақтөбе облысының Алға ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. 47 жастағы ер адам күндізгі уақытта Ақай ауылынан шығып, Сарықобда ауылы маңындағы қожалыққа бет алған. Алайда жолда онымен байланыс үзіліп, туыстары алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін жедел түрде құтқару шаралары басталды.
Іздеуге дрон мен кинологтар тартылды
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық топ, ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен туыстары жұмылдырылды. Топтар кең аумақты, соның ішінде қол жетуі қиын учаскелерді де тексерді.
Нәтижесінде жоғалған азамат Ақшоқы қыстауынан табылып, жедел түрде Сарықобда ауылына жеткізілді.
Дәрігер көмегі қажет болмады
Ресми мәліметке сәйкес, ер адамға медициналық көмек қажет болмаған, жағдайы қанағаттанарлық.