29.12.2025, 09:16
Оқиғалар
Астанадағы түнгі клубтың алдындағы төбелестен 18 жастағы жігіт қаза тапты
Күдікті ретінде екі адам ұсталған
Фото: istockphoto.com
Астанадағы түнгі клубтың алдындағы төбелестен 18 жастағы жігіт қаза тапты. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy редакциясына Астана қаласының полиция департаменті растады.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде төбелес «BHB» деген түнгі клубтың алдында болған деген ақпарат тараған еді. Полиция департаменті оқиға орнына қатысты ақпарат бермесе де өлім фактісін растады.
«Таяқ жеген адамның өліміне әкеп соқтырған төбелеске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдікті ретінде екі адамды ұстап, уақытша қамау изоляторына жапты. Түнгі клубқа келген жастардың арасындағы дау басталып, арты төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде 18 жастағы бала жарақат алып, көз жұмды», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
