Астана әкімдігі Магомед Нұрбагандовтың атында көше бар деген ақпаратты жоққа шығарды
Кейбір қосымшаларда қате ақпарат тараған
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қала көшелерінің біріне Магомед Нұрбагандовтың есімі берілді деген ақпаратты жоққа шығарды. Дереккөзге сүйенсек, қалада бұндай көше мүлде болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана қаласында Магомед Нұрбагандовтың атымен аталған көше жоқ. Аталған атауды беру туралы тиісті нормативтік-құқықтық актілер қабылданбаған. Аталған көшенің жобалық атауы — С192.Қазір аталған сервистердің электрондық картографиялық деректерінде Магомед Нурбагандов көшесі атауының пайда болу себептерін анықтау мақсатында 2ГИС және «Яндекс» компанияларымен жұмыс істеп жатырмыз, себебі «Google» картографиялық сервисінде бұл көше жоқ Жақын арада Магомед Нұрбагандов деген жазу аталған сервистердің электрондық карта деректерінен алынады», - деп хабарланған ресми ақпаратта.