$ 510.18  601.91  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 16 жастағы студент қызды зорлап, артынан өлтірген адам өмір бойына сотталды

Марқұм қыз дүкенде сатушы болып жұмыс істеген еді

Түркістан облысында 16 жастағы студент қызды зорлап, артынан өлтірген адам өмір бойына сотталды
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы қызды зорлап, артынан тұншықтырып өлтірген ер адамды өмір бойына соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысындағы жантүршігерлік оқиға биыл маусым айында болған. Сот анықтағандай, ер адам 00:30-да үйіне қарай бет алған марқұм қызға шабуыл жасаған. Қыз бала дүкенде сатушы болып жұмыс істеген еді.

«Сотталып отырған ер адам қызды зорлап, басқа да жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, содан кейін жәбірленушіні тұншықтырып өлтіріп, қасақана өлімге әкеп соқтырған», - деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен сотталушыға тағайындалған жазаларды қосып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол марқұм қыздың жақындарына 50 млн теңге моральдық шығын төлеген.

Серіктес жаңалықтары