24.12.2025, 12:14
Оқиғалар
Павлодарда төрт адам вейп сатып, табысқа бірнеше қымбат көлік алған (ВИДЕО)
Олардан 53 мың вейп тәркіленген
Фото: скриншот
Қаржы мониторинг агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті вейп сататын 4 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар вейптерді Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы оқушылар мен жастарға сатып отырған. Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған.
«Соттың санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алған 3 автокөлік («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») арестке қойылды», - деп хабарлайды ҚМА.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты