$ 510.18  601.91  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ливия қарулы күштерінің бастығы Түркиядан ұшып шыққанда апатқа ұшырады

Оның қаза тапқаны хабарланды 

Ливия қарулы күштерінің бастығы Түркиядан ұшып шыққанда апатқа ұшырады
Фото: Anadolu via Getty Images

Анкарадан Триполиге бағыт алған Falcon 50 бизнес-джеті апатқа ұшырап, Ливия қарулы күштері Бас штабының бастығы Мұхаммед Али Ахмед әл-Хаддад қаза тапты. Бортта бес адам болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның хабарлауынша, борт нөмірі 9H-DFJ ұшағы Анкара әуежайынан сағат 20:10-да ұшып шыққан, 20:52-де байланыс үзілген. Ұшақ сынықтары Анкара провинциясының Хаймана ауданындағы Кесиккавак ауылынан оңтүстікке қарай екі шақырым жерде табылған.

Ұшақта бес адам болған. Олардың қатарында Ливияның құрлық әскерлерінің қолбасшысы, әскери өндіріс басқармасының директоры, Бас штаб бастығының кеңесшісі және фотографы болған.

Ұшақ апатының себептері әзірге анықталған жоқ. Ливия үкіметі тергеу барысын бақылау үшін Анкараға ресми делегация жіберетінін хабарлады.

БҰҰ мойындаған Ливияның Ұлттық бірлік үкіметі ел аумағында үш күндік ресми аза тұту жариялады.

Серіктес жаңалықтары