$ 510.18  601.91  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Қазақстанда жарты мыңнан астам адам мал ұрлығына қатысты қолға түскен (ВИДЕО)

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты жұмысын қорытындылаған

Биыл Қазақстанда жарты мыңнан астам малды ұрлаған 111 қылмыстық топ ұсталып, 534 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Криминалды полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кейбір жағдайда, Нұрмағамбетовтің айтуынша, малына чип салған шаруалар оның пайдасын көріп, ұрылар тез қолға түседі.

«Сондай мысалдардың бірі Абай облысында болған. Чип салынған мал жоғалған кезде полиция чип арқылы іздеп, оны сойған және етін сатайын деп жатқан адамдарды қылмыс үстінен қолға түсірді», - дейді Нұрмағамбетов.

Жалпы, оның айтуынша, осы 534 адам халықтан 3,5 мыңнан астам мал ұрлап әкеткен. Жалпы шығын 400 млн теңгеге жуықтаған. Айта кетейік, кеше ғана Жетісу облысында екі бұзау ұрлаған екі жігіт қолға түскен еді. 

Серіктес жаңалықтары