$ 510.18  601.91  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың жартысынан көбі елдің саяси-экономикалық жағдайын бақылайды - сауалнама

Қатысушылардың 78,5%-ы соңғы үш айдағы Президент қызметін оң бағалады

Қазақстандықтардың жартысынан көбі елдің саяси-экономикалық жағдайын бақылайды - сауалнама
Фото: Freepik

Қазақстандықтардың жартысынан астамы елдегі саяси ахуалды тұрақты түрде бақылап отырады.Евразия интеграциясы институтының сауалнамасының қортыныдысы бойынша, 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада жүргізілген зерттеу бірнеше маңызды үрдісті көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Тарих ғылымдарының кандидаты Арман Ешмұратов атап өткендей, азаматтардың 52%-ы елдің саяси-экономикалық жағдайы туралы біледі.

«Негізгі ақпарат көздері - телеарналар (52,7%) және Instagram әлеуметтік желісі (51,2%). WhatsApp (33,5%), интернет-ресурстар (29,7%) және видеохостингтер (26,7%) де танымал. Сонымен қатар, әр бесінші респондент туыстары мен достарынан, көршілерінен ақпарат алады», - дейді Ешмұратов.

Сенім деңгейі бойынша республикалық телеарналар бірінші орында (41,8%) тұр, ал одан кейін Instagram (28%) әлеуметтік желісі.

Арман Ешмұратов атап өткендей, елдегі қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалды бағалау бойынша сауалнама нәтижелері бірнеше маңызды тенденцияны көрсетті.

«Қазақстан азаматтары арасында позитивті бағалаулар басым. Сауалнамаға қатысушылардың 66%  елді дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды. Кері пікір білдіргендер 18,5% құрайды, оған себеп ретінде көбіне азық-түлік бағасының өсуі мен инфляция деңгейін көрсеткен», - деді Ешмұратов.

Қатысушылардың 78,5%-ы соңғы үш айдағы Президент қызметін оң бағалаған. Ал алдағы перспективалардағы позитивті өзгерістерді жүзеге асыра алатын тұлға ретінде сауалнамаға қатысушылардың 71,5%-ы қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты көрсеткен.

Саяси партиялардың танымалдығы әртүрлі болып шықты. Ең көп респондент «AMANAT» партиясын таныды - 52,4%, одан кейін «Ақ жол» (29,7%) мен «Ауыл» (29,3%) партиясы тұр.

Серіктес жаңалықтары