$ 512.81  604.19  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада үлескерлерді алдап, 8 жыл түрмеде отырған адамның елде жоқ жаңа қылмысы әшкере болды (ВИДЕО)

Байжұманов кезінде ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін сотталған еді

Астанада үлескерлерді алдап, 8 жыл түрмеде отырған адамның елде жоқ жаңа қылмысы әшкере болды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

2014–2016 жылдары Астана қаласында 700 үлескерді алдаған «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің иесі А.Байжұманов 8 жылға сотталған еді. Бірақ, бұл жазасынан сабақ алмаған ол бостандыққа шыға сала тағы бір қылмыстық схема ойлап тапқан екен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, кезінде Байжұманов салмай кеткен тұрғын үй кешендерін Астана әкімдігі салып бітіріп, үйлердің бір бөлігін әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берген.

«Байжұманов түрмеден босаған соң кезінде өзі салмай кеткен үйлердің үлескерлері ретінде 80 адамның құжатын «артқы күнмен» рәсімдеп, оларды жәбірленуші ретінде танытқан. Осылайша, уәкілетті ұйымнан 170 пәтер алған. Кейін оларды екінші тұлғаларға сатып, пайда көрмек болған», - деп хабарлайды ҚМА.

Бұл пәтерлерді сатса Байжұманов пен сыбайластары  2,3 млрд теңге пайда көретін еді. Күдіктілер қазір қамауда. 

 

 

Серіктес жаңалықтары