$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«TauBrat»-тың тікелей эфирі: үнемі «Тринька» құмар ойынын өткізген екі адам түрмеге қамалды (ВИДЕО)

Олар осы заңсыз ойыннан 63 млн теңге табыс тапқан

«TauBrat»-тың тікелей эфирі: үнемі «Тринька» құмар ойынын өткізген екі адам түрмеге қамалды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қаржы мониторинг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырған екі адамды екі айға қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бұл екі күдікті екі жылдан бері желіде кең таралған «TauBrat» парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирге шығып, «Тринька» атты заңсыз құмар ойын өткізетін. Ұтыс жеңімпаздарын онлайн таңдайтын олардың ойындарына мыңдаған қазақстандық қатысатын.

«Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақшаны шешіп алып отырған. Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған», - деп хабарлайды ҚМА.

Сот екі күдіктіні екі айға қамауға ала отырып, олардың мүліктеріне арест қойған.

Серіктес жаңалықтары