21.12.2025, 15:13
Оқиғалар
Астанада коттедж аумағында өрт шықты
ТЖМ өртті толық сөндірді, зардап шеккендер жоқ
Фото: ТЖМ
Астананың Есіл ауданында орналасқан коттедж қалашығында жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт жазғы үйден шыққан
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Ұлы Дала даңғылы бойындағы жеке тұрғын үй аумағында тіркелген. Өрт бөлек тұрған жазғы үйден шыққаны анықталды.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында екі газ баллонынаумақтан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.
40 шаршы метр аумақ жанған
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің өзге нысандарға таралуына жол берілмеді.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері нақтыланып жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды