$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.07.2020, 09:39
Оқиғалар

Түркістан облысында ер адам өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген

Бұл оқиға жайында қыздың анасы білген көрінеді

Түркістан облысында ер адам өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысының тұрғыны өгей қызын үш жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы «Отырар» телеарнасының тілшісіне зәбір көрген 14 жастағы қыздың өзі айтып берген.

Полицияға арызды маусымның жиырмаларына қыздың туған әкесі жазыпты. Полицейлер қазір бұл іспен айналысып жатқандарын айтып сендірді. Ал, кішкентай қыз қанша қорықса да, болған жайтты журналистерге айтып беруге бел шешіпті. Өйткені, сіңлісі де азғын әкеден зәбір көре ме деп уайымдайды.

«Бұл 2016 жылы мен 6-сыныпта оқып жүргенде басталды. Ол мені қорқытқандықтан, мен айтқанының бәрін істедім. 2018 жылы ол мені жатын бөлмеге алып кірді де, шешіндірді және ойына келгенін істеді», - дейді кішкентай қыз.

Оның сөзінше, анасы бұл адамшошырлық әрекетті білген. Алайда, көз жұма қарапты. Қазір жәбірленген қызбен мектеп психологы жұмыс істеп жүр.

Ал, Полиция департаменті аталған жайт бойынша 22 маусымда арыз түскенін растады. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын жеткізді. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалыпты. Күдікті ұсталып, тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары