Алматы облысында соққыға жығылған 77 жастағы әжей қайтыс болды
Күдікті ретінде Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды
Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғыны 77 жастағы қарт әжейді соққыға жықты. Зардап шеккен қария түрлі дене жарақаттарымен Жаркент қаласының ОАА қабылдау бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz –ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында әжейдің үйіне белгісіз біреудің басып кіріп, оны соққыға жыққаны белгілі болды. Қылмыстың шынайы мотивтері әлі де анықталады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Өкінішке орай, соққыға жығылған әже алынған дене жарақаттары салдарынан бүгін көз жұмды. Аталған факті ҚР ҚК 106 бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.