$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда шетелдіктердің банк шоттарынан ақша ұрлаған адам ұсталды

Ол жүздеген еуроны қолды қылған 

Алматыда шетелдіктердің банк шоттарынан ақша ұрлаған адам ұсталды
Фото: Freepik

Қазақстан азаматы шетелдіктердің банк шоттарынан жүздеген мың еуро тонаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2025 жылғы 9 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен және Германияның Федералды қылмыстық полициясымен бірлесіп, киберқылмыспен күреске бағытталған арнайы операция жүргізді.

Оның нәтижесінде Алматы облысында қазақстандық азамат ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол компьютерлік технологияларды пайдаланып басқа адамның банк шоттарына және жеке деректеріне заңсыз қол жеткізген.

Алдын ала есеп бойынша, күдікті бірнеше жүз мың еуроны ұрлаған.

Тінту барысында деректерді сақтайтын электронды құрылғылар және өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс бойынша тергеу әрі қарай жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары