$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жас жігіт Астанадағы бір пәтерден 20 мың доллар ұрлап әкетіп, оған су жаңа көлік сатып алған (ВИДЕО)

Ол сондай-ақ пәтерден алып кеткен алтын бұйымдарды ломбардқа салған

Жас жігіт Астанадағы бір пәтерден 20 мың доллар ұрлап әкетіп, оған су жаңа көлік сатып алған (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Астана полициясы жеке пәтерде болған ұрлықтың ізін суытпай ашқан. Жігіт біреудің үйінен 20 мың доллар мен қымбат бұйымдарды қолды қылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, ол қылмыс жасамас бұрын сол пәтерді бақылап, үй иелерінің жоқ екеніне көз жеткізген.

«Осыдан кейін ол пәтердің есігіне кілт тарылтып, үйге емен-еркін кірген. Жағдайды пайдаланып, жатын бөлмедегі шкафтан 20 000 АҚШ доллар мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Жалпы, ұрлық сомасы 11 миллион теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктінің ұрланған ақшаға автокөлік сатып алып, зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізгені анықталды», - деп хабарлайды полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #ұрлық