02.07.2020, 11:26
Оқиғалар
Нью-Йоркте көпқабатты ғимарат құлады
Ғимаратты енді қалпына келтіру мүмкін емес
Нью-Йоркте үш қабатты ғимарат құлады. Оқиға Бруклиндегі Кэрролл Гарденс аймағында болды, деп хабарлады 24.kz.
«Ғимараттың барлық қабаты 36 жыл бойы элиталық фитнес-орталық болған. Алайда коронавирустық пандемияға байланысты жаттығу залы бос тұрған», - делінген арна таратқан хабарда.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ғимарат құлаған кезде жарылыс та болған. Тергеушілер тұрмыстық газ жарылған деген нұсқа бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Бұған дейін бұл үйге күрделі жөндеу жүргізілгені айтылуда. Алайда 10 маусым күні құрылыс нормаларының бұзылуына байланысты жөндеу жұмыстары тоқтатылған.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті