$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.07.2020, 10:08
Оқиғалар

«Үйіңе бомба қойылды»: ұстазымен ойнаған бозбала ұсталды

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

«Үйіңе бомба қойылды»: ұстазымен ойнаған бозбала ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда бір телефон қоңырауы бір үйді дүрліктірді.Кезекші бөлімге белгісіз біреу Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріне «бомба қойылған» деп хабар береді. Полиция өре түрегеліп, үйдегі 30-дан аса тұрғынды түн ортасында қауіпсіз жерге шығарған. Алайда, хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жұртты дүрліктірген қаскөйді полиция іздеп тапты. Ол 15 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бозбала бұл қылығын «жәй ғана ойын» деп түсіндірген. Телефон арқылы ол өзінің ұстазын алдағысы келген көрінеді.

«Аталған іс бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тұрғындардан жалған ақпарат бермеуге әрі ата-аналардан балаларына мұндай әрекеттің қылмыс екенін түсіндірулерін сұрайды. Сондықтан телефон арқылы жалған қоңырау шалу терроризмге жататын әрі қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеміз», - деді облыстық ПД ресми өкілі Жанна Біләлова.

Мұғалімімен орынсыз ойнаған бозбала жазадан құтыла алмайды. Полиция департаментінің хабарлауынша, терроризм туралы жалған хабар берген бала 5 АЕК түрінде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары