$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2020, 22:18
Оқиғалар

Нұр-Сұлтандағы «Рамада-Плаза» ғимаратында 500 төсек-орын ашылады – әкім

Төсек-орындар коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналады

Нұр-Сұлтандағы «Рамада-Плаза» ғимаратында 500 төсек-орын ашылады – әкім
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтандағы бұрынғы «Рамада-Плаза» қонақ үйінің ғимаратынан коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу үшін қосымша 500 төсек-орын ашылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.  

«Медициналық мекемелер мен басқа да ғимараттар базасында Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған қосымша төсек-орындар санын арттырамыз. Рамада Плаза ғимаратында 500 төсек-орын ашылады. Бүгінде 250 орын ашылды», - деп жазды әкім әлеуметтік желіде.

Көлгіновтің хабарлауынша, өткен аптада елордада 800-ден астам төсек-орын пайда болған. Оның ішінде,  600 орындық №1 көпсалалы қалалық аурухана толығымен жұқпалы аурулар стационарына айналған. «Сонымен бірге ұлттық ғылыми медициналық орталық, Қорғаныс министрлігінің госпиталі және ҰОС клиникалық госпиталі базасында төсек-орындар құрылды. Өкпені жасанды желдету аппараттарын, компьютерлік томография, оттегі концентраторларын, ПТР-тестілерді, дәрі-дәрмектерді және т. б. сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», - деп хабарлап отыр Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары