$ 545.01  642.84  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімінен бас тартпақшы

Бұл ескінің сарқыншағы дейді, министр

Қазақстан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімінен бас тартпақшы
Фото: istockphoto.com

Қазақстан біртіндеп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізімінен бас тартады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгілі бір деңгейде ескінің сарқыншағы деуге болады. Біз қандай да бір тізім жасап, өндірушілерге қандай баға қою керек екенін, үстемеақыны көрсетіп береміз. Сондықтан біз қазір Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында пилоттық жоба жүргізіп жатырмыз. Яғни атаулы әлеуметтік көмек алатындарға азық-түлік ваучерлері беріледі, олар күнтізбелік жыл ішінде тауарды жеңілдікпен сатып ала алады», - деді Шаққалиев Үкімет отырысында.

Министрлік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізімінен бас тартып, нарықтық құралдар мен тетіктерді қолдануды жоспарлап отыр. Үш қалада басталған пилоттық жоба жыл соңына дейін жалғасады. Кейін біртіндеп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізімінен бас тартады.

«Бұл - эволюциялық процесс. Яғни бір сәтте бұған көшпейміз. Қазіргі қолданыстағы әкімшілендіру тетіктері, 15% үстемеақы қала береді», – деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары