$ 542.8  637.84  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда майлы және бұршақ дақылдары үшін элеваторлар салынады

Дәнді дақылдар үшін элеваторлар жеткілікті дейді министр

Қазақстанда майлы және бұршақ дақылдары үшін элеваторлар салынады
Фото: istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі майлы және бұршақ дақылдарының егіс алқаптары кеңеюіне байланысты келесі жылдан бастап оларды сақтауға арналған жаңа элеваторлар салады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дәнді дақылдар үшін бізде элеваторлар жеткілікті. Ал майлы және бұршақ дақылдары бойынша әртараптандыруға байланысты егіс алқаптарының қарқынды кеңеюі байқалып отыр. Сондықтан биыл арнайы бағдарлама әзірленеді, ал келесі жылдан, яғни наурыз айынан бастап, дәл осы дақылдарға арналған сақтау қуаттарын салу және кеңейту жұмыстары басталады», - деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, дәнді дақылдарға арналған элеваторлар толық дайын.

«Бұдан бөлек, кептіру қондырғыларына қаржы бөлініп жатыр – олардың құнының шамамен 30%-ы субсидияланады. Егер былтыр 58 кептіргіш қондырғы сатып алсақ, биыл шамамен 60-ын алуды жоспарлап отырмыз. Қазір фермерлер 30-дан астам кептіргіш қондырғы орнатты. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары