$ 542.8  637.84  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аяз түсуі мүмкін»: Қазақстаннның басым бөлігін қандай ауа райы күтіп тұр

Осы аптада ауа райы егін орағына қолайсыз болады дейді вице-министр

«Аяз түсуі мүмкін»: Қазақстаннның басым бөлігін қандай ауа райы күтіп тұр
Фото: istockphoto.com

Алдағы күндері елімізде жауын-шашын жиілеп, ауа температурасы төмендейді. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев синоптиктердің болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Синоптиктердің болжамы бойынша, 23 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін еліміздің астық егетін аймақтарында, егін жинауға жайсыз ауа райы күтіледі. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде осы кезең  бойы жаңбыр болжанып отыр. Ақтөбе облысында қыркүйектің 26 мен 30-ы –  жаңбыр. Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің жиырма бесі мен жиырма тоғызы аралығында,  Қарағанды, Ұлытау облыстарында қыркүйектің жиырма үші, жиырма жетісі мен отызы аралығында, Павлодар облысында қыркүйектің жиырма үші мен жиырма бесі, жиырма сегізі мен отызы аралығында – жаңбыр. Еліміздің шығысында қыркүйектің жиырма үші мен жиырма төртінде, жиырма тоғызы мен отызында – жаңбыр күтіледі», - деді Шәрбиев үкімет отырысында.

Жауын-шашын күндері қатты жел соғады.

«23 мен 30 қыркүйек аралығында күндізгі және түнгі температура біртіндеп төмендеп, түнгі уақытта аяз түсуі мүмкін», - дейді ол.

Ал еліміздің басым бөлігінде қазан айының орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады. Батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік бөлігінде әдеттегіден жылы болады.

Еліміздің батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарында жаңбыр бір ай бойы жиі жаууы мүмкін, дейді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы #болжам