$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның салық органы 7 блогермен соттасып жатыр

Қаржы министрі бизнесі бар блогерлерге мұқият болуды кеңес етті

Қазақстанның салық органы 7 блогермен соттасып жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті салықтан жалтарған жеті блогермен соттасып жатыр. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, салық органы 854 блогерге хабарлама жіберген. Осыдан кейін 620 блогер 18 млрд 141 млн теңгеге қосымша декларация тапсырған.

«Қазір 234 блогермен жұмыс істеп жатырмыз, яғни қалыпты құжаттамалық салық тексерісі жүріп жатыр. Ал жеті блогермен қазір сот процесіндеміз. Сол себепті барлық блогерді бизнес жүргізген кезде мұқият болуға шақырамын», - деді Тәкиев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге салайық, осы жылдың басында әлеуметтік желіде миллиондап, тіпті миллиардтап салық төлемеген блогерлердің тізімі жарияланып кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары