$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мектептерінде оқу жылы ұзара ма – министр жауабы

Мәселе әлі ашық күйінде тұр, дейді Бейсембаев

Қазақстан мектептерінде оқу жылы ұзара ма – министр жауабы
Фото: istockphoto.com/Drazen Zigic

Мектептерде 2025-2026 жылғы оқу жылы әдеттегідей 25 мамырда аяқталады. Оқу жылы ұзартылмайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, оқу жылын ұзарту мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр.

«Өйткені ең алдымен барлық білім беру ұйымы мен инфрақұрылымды талапқа сай келтіруіміз керек. Бізде әлі мыңнан астам мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді, сондықтан бүкіл мектепті талапқа сай келтіріп, заманауи оқу кабинеттерімен жабдықтау керек. Барлық білім беру ұйымы жүз пайыз инфрақұрылым тұрғысынан дайын болғанда біз әртүрлі жаңашылдыққа қайта орала аламыз. Сондықтан мектептердің инфрақұрылымын дамыту мәселеі толық шешілмейінше, біз бұл мәселені әлі қарастыра алмаймыз», - деді Бейсембаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министр биылғы оқу жылында ешқандай өзгеріс болмайтынын, яғни оқу жылы ұзартылмайтынын атап өтті.

Естеріңізге салайық, 2023 жылы оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту мәселесі 2025 жылдан бастап қайта пысықталатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары