$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекет кейбір қазақстандықтарға коммуналдық қызмет ақысын төлеуге көмектеседі

Тұрғын үй көмегі әлеуметтік әмиянға қосылады

Мемлекет кейбір қазақстандықтарға коммуналдық қызмет ақысын төлеуге көмектеседі
Фото: elements.envato.com

Мемлекет тарифтер өскен жағдайда тұрмысы төмен отбасыларға коммуналдық қызмет ақысының бір бөлігін өтейді. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл мәселе Үкіметтің әлеуметтік блогымен пысықталған. Заң бойынша елімізде коммуналдық тарифтер қымбаттап кеткен жағдайда мұқтаж азаматтарға тұрғын үй көмегі қарастырылған.

«Егер адамдардың табысы жетпесе, онда отбасының жиынтық кірісі есептеледі. Әр өңірде пайыз әртүрлі, осы шектен асып кеткен соманың бәрі жергілікті бюджет есебінен жабылады. Кейбір өңірлерде бұл шек 10% болып белгіленген, ал Астана мен Алматыда, бәлкім сәл жоғары болар, себебі, ол жақта халықтың табысы жоғары. Қызылордада 7 немесе 5% болуы мүмкін. Жалпы алғанда, егер коммуналдық төлем отбасының жиынтық табысының 10%-нан асып кетсе, ол шығын мемлекет, яғни жергілікті бюджет тарапынан өтелуге тиіс», - деді Бозымбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-премьердің айтуынша, осы тұрғын үй көмегі «әлеуметтік әмиянға» енгізіледі.

«Әрине, біз нормативтерді де ескереміз. Егер үш адам 800 немесе 1000 шаршы метрлік үлкен үйде тұрса, әлеуметтік нормаларға сай көмек көрсетіледі. Ал егер үш бөлмелі пәтерде 5-6 адам тұрса, онда біз шығынның 100%-ын өтейміз. Жалпы, кез келген әлеуметтік көмек шынымен мұқтаж адамдарға жетуі керек. Ең алдымен, бұл – әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтар», - деп атап өтті ол.

Серіктес жаңалықтары