2026 жылдан бастап Байқоңырдан ұшатын зымырандарда гептил қолданылмайды
Болашақта гептил орнына экологиялық таза отын қолданылады

2026 жылдан бастап Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатын тасығыш-зымырандарға гептил отыны қолданылмайды. Бұл туралы бүгін брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.
«Қазір министрлік Қазақстан аймағында гептилді қолдануды реттеуге қатысты құжаттарды әзірлеп жатыр. Менің ойымша, 2023 жылға дейін жоспардағы тиісті шаруалар атқарылады. 2026 жылы Байқоңыр айлағында гептил қолданылатын зымыран-тасығыштар болмайды», - деді ол брифингте.
Министрдің айтуынша, гептил отынынан толық бас тарту үшін құжаттау жұмыстарынан бөлек, Байқоңырдағы ұшу алаңдарын да толық жөндеуден өткізу керек. Себебі, ол жерде енді гептилдің орнына экологиялық таза отын қолданылады.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан