Экология министрі Қазақстандағы ең лас және ең таза өзендерді атады
Министрдің айтуынша, еліміздегі лас сулар қатарына Шерубай-Нұра өзені жатады

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халыққа есеп беру кездесуінен кейінгі брифингте журналистердің бірқатар сұрағына жауап берді. Министрге қойылған сауалдардың бірі – «Еліміздегі ең лас және таза өзендер қандай?».
«Есімде қалғанын айтайын. Лас сулар қатарына Қарағанды облысындағы Шерубай-Нұра өзені, Соқыр көлін айтуға болады. Тексеріс барысында әрдайым Сырдария өзеніндегі проблеманы да байқаймыз. Оны көрші елдерге де айтып келеміз. Жайық көлінің суының сапасында да мәселе көп, әсіресе, Атырау қаласына жақын жағы қатты лас. Ал таза суларға келетін болсақ, меніңше, ең ірі дегендердің ішінен Ертіс өзенін, сонымен бірге Алматы облысы мен басқа өңірлердегі тау өзен-көлдерін жатқызуға болатын шығар», - деді министр.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан