$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2019, 13:01
Үкімет

Депутаттар жаңа челлендж бастады: Тілеуханның соңынан Сабильянов та кетуге дайын

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мандатын тастап, Білім және ғылым министріне хатшы болуға дайын екенін айтқан еді

Депутаттар жаңа челлендж бастады: Тілеуханның соңынан Сабильянов та кетуге дайын

Бүгін Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов елді мекендердегі интернет сапасын тексеру үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті ертіп, ауыл-ауылды аралауға дайын екенін айтты.

«Ауылдарды көріп жүрміз. 250, 300 адам тұратын ауылдарды айтпағанда, мың адам тұратын елді мекендерде жоғары жылдамдықты интернет жоқ. Бізге ауылдарға барып, қандай интернет барын көру керек. «Сіздер 2018-2019 жылдары Beeline, Kcell, Tele2 операторлары Қазақстандағы 1600 ауылды 3G интернетпен қамтамасыз етті» деп есеп бердіңіздер. Мен бұл операторлардан ондай ақпарат ала алған жоқпын. Ондай ақпарат жоқ», - дейді депутат.

Депутат партияның сайлауалды бағдарламасын орындау үшін шынайы ақпарат керек екенін, ол үшін әр ауылда жоғары жылдамдықтағы интернет болуы керек екенін айтты.

«Ауылға барғанда, халық «интернет жоқ» дегенде біз ұятқа қаламыз. Сіздер мына жақта қағаз жүзінде бәрін қатырып қоясыздар, ал ауылды жерлерге барсаң, жоғары жылдамдықта интернет жоқ. Қазақстан интернеттің жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте 2018 жылы 57-ші орында болса, 2019 жылы 64-ші орынға кері кетті. Бұл жұмыстың нашарлығын көрсетеді. Сондықтан, құрметті министр мырза, осы жағына да басты назар аудару керек. Егер расында да сіздің айтқандай 3324 ауылдың бәрінде жоғары жылдамдықтағы интернет бар болса, ауылға бірге барып көрейік. Мен 3000 ауылға баруға дайынмын», - деді депутат.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары