$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан жас ғалымдарға қандай көмек көрсетеді

Қазір 2,3 мың ғылыми жоба қаржыландырылып жатыр

Қазақстан жас ғалымдарға қандай көмек көрсетеді
Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарды қолдау шараларына тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалым, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.

«Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі. Бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысында.

Қазір 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2 361 ғылыми жоба (оның 835-і жас ғалымдарға тиесілі) және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1 475 ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өткен.

«Жас ғалымдарды қолдау күшейтілді: 351 пәтер берілді. Ғылыми дәрежелер мен атақтар үшін қосымша төлемдер артты, халықаралық тағылымдамалар жалғасуда. Жыл сайын 50 «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы, ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар және 50 талантты жас ғалымға стипендия бөлінеді. Қолданбалы зерттеулер саласында жұмыс істейтін ғалымдардың жалақысына арттыру коэффициенті енгізілді. Жыл сайын «Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсы өткізіледі», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары