$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда қатерлі ісікті сәтті емдеп жатқан отандық препарат жылдың соңында тіркеуден өтеді

Ол бірнеше сынақтан өткен

Қазақстанда қатерлі ісікті сәтті емдеп жатқан отандық препарат жылдың соңында тіркеуден өтеді
Фото: Azattyq Ruhy

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатерлі ісікті емдейтін дәрі қашан ресми тіркелетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Былтыр біз клиникалық сынақтардың бірінші деңгейін аяқтадық. Енді зерттеуге қатысатын пациенттер саны артты. Қазір қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы сынақтар жүріп жатыр. Ал өткен жылы тек тоқ ішек рагы бойынша тестілеу жүрген болатын. Жоспар бойынша, осы жылдың соңына дейін препаратты тіркеп, нарыққа шығаруды көздеп отырмыз. Қазіргі нәтижелер өте жақсы, тұрақты, көптеген пациенттерде оң әсер байқалады», – деді министр.

Министрдің айтуынша, сынаққа қатысқан науқастардың ісік көлемі орта есеппен 30%-ға азайған.

«Ремиссия тестілеуге арнайы процедура арқылы қатысқан пациенттерде байқала бастады. Бізге денсаулық сақтау министрлігі де көмектесіп жатыр. Бұл 10 жылға созылған, кезеңдеп клиникалық сынақтан өткен ұзақ процесс болды. Қазір біз мүмкіндігімізше, шығындарды қысқарттық. Бұл жылдың соңында бізге дәрі-дәрмекті ресми тіркеуге мүмкіндік береді», - деді Саясат Нұрбек.

Министр жылдың аяғында осыған байланысты жеке конференция өтетінін айтты.

 

Серіктес жаңалықтары