$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2020, 18:26
Үкімет

10 күн ішінде 217 мың пойыз билеті сатылды

1 маусымнан бастап Қазақстан аумағында жолаушылар пойызы қатынайды

10 күн ішінде 217 мың пойыз билеті сатылды
фото: tengrinews.kz

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімімен 1 маусымнан бастап Қазақстан аумағында жолаушылар пойызы қайта жанданып, түрлі бағытта 54 пойыз қатынай бастайды. Пойыз билеттері 15 мамырдан бастап сатылымға түсіп, 10 күннің ішінде 217 мың билет сатылған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронавирус қаупіне байланысты пойыз билеттерін онлайн режимде ресімдеуді ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап электрондық теміржол билеті жүйесіне көшу басталды. Бұл жүйе билеттерді сатып алу шарттарын жақсартуға, сондай-ақ «Күту парағы» бойынша кезек тәртібімен билет сатып алуға мүмкіндік берді. «Күту парағы» арқылы жолаушылар орын болмаған жағдайда да өтінім бере алады. Орын пайда болғанда жолаушы электрондық поштасына тиісті хабарлама алады. Бұл ретте жолаушының деректерін ауыстыру мүмкін емес. Осылайша, жолаушыларды ауыстыруға және брондалған билеттерді сатып алуға жол берілмейді.

Серіктес жаңалықтары