$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде халықаралық жасанды интеллекті орталығы ашылады

20 ЖОО-да мамандар даярланбақ

Елімізде халықаралық жасанды интеллекті орталығы ашылады
Фото: Ақорда

Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық жасанды интеллекті орталығы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы жылы сіздің тапсырмаңыз бойынша Алимай атты халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Айсана бағдарламасы аясында биыл 100 000 студент экономика салаларына жасанды интеллектті енгізу бойынша қолданбалы дағдыларға оқытылады. 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бойынша мамандар дайындау басталып, «Болашақ» бағдарламасы аясында жеке квота енгізілді», - деді Бектенов.

Оның айтуынша, тағы бір стартап — Hixfield AI.

«Жасанды интеллект негізінде мәтіннен бейне жасау және өңдеу бойынша жоба. Бағдарламалау бойынша балаларды оқыту жобасы қазірдің өзінде әлемнің 13 елінде, соның ішінде Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Катар және басқа елдерде қолданылады, сондай-ақ, бұл жоба 100 миллион долларға бағаланған. Grand Mobile, CityX, Silvero Games, Parkour, ApartX сынды басқа да сәтті қазақстандық жобалар елімізде инновация мен жасанды интеллект саласының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді», - деді үкімет басшысы.

 

 

Серіктес жаңалықтары