$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министрлер мен әкімдердің жұмысын халықтың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз – Тоқаев

Астанада Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Министрлер мен әкімдердің жұмысын халықтың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз – Тоқаев
Фото: Ақорда

Үкімет пен өңір әкімдерінің жұмысына ел экономикасы мен халықтың тұрмыс сапасына қарай бағаланады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

«Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық. Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор», - дейді президент.

Тоқаев бүгінгі жиында үкіметтің бір жыл ішінде атқарған жұмысына баға берілетінін атап өтті.

«Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары