$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде eGov.kz жүйесі неге істемей қалғаны белгілі болды – ресми мәлімдеме

Қазір мамандар оның себебін анықтап, салдарын жоюға күш салып жатыр

Елімізде eGov.kz жүйесі неге істемей қалғаны белгілі болды – ресми мәлімдеме
Фото: gov4c.kz

Бүгін, 24 қаңтарда Қазақстанда мемлекеттік органдардың ресми сайттары, eGov.kz порталының компоненттері мен eGov Mobile қосымшасының, E-license және Ашық Үкімет порталы ашылмай қалған. Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы мәселеге қатысты комментарий берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, басты себеп – техникалық ақау. Орталық бұл сайттар әлі де ішінара істемей қалатынын ескертіп отыр.

«Қазір орталық мамандары бар күшін салып, сервистерді толық қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр және жақын арада жұмыстарды аяқтайды деген жоспар бар. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банк қосымшаларында мемлекеттік қызметтер уақытша жұмыс істемейді», - деп хабарлады компания.

Серіктес жаңалықтары