$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы беріле ме? Министр депутаттың бастамасына жауап берді

Ол бюджет қаражатын саралау керек дейді

Әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы беріле ме? Министр депутаттың бастамасына жауап берді
Фото: istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған дейін мәжіліс депутаты Гаухар Танашева бүгін жалпы отырыста әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды ұсынған еді. 

Министр бұл бастамаға қатысты пікірін білдірді. 

«Бұл қазір қоғам мен көпбалалы аналардың күн тәртібінде тұрған өткір мәселе болып отыр. Мұның барлығы бюджеттің мүмкіндігіне байланысты болады. Бізде әлеуметтік пакеттер бойынша өзгертулер күтіп тұр. Ол бюджеттің шағын қаражатын қажет етеді. Біз оған бизнес-процестердің трансформациялануы, цифрлануы және мемлекеттік артық қызметтерді қысқарту  арқылы келе жатырмыз. Содан кейін балаларға шартсыз төлем жасауға келеміз. Қазір бұл шешімді қабылдасақ, салық төлеушілерге ауыр болады»,- дейді ол.

Министр атағандай, бүгінде әлеуметтік бюджет 6 трлн теңге, ол бюджеттің 38 пайызын құрайды. 

«Елімізде 5 млн бала бар. Оларға мұндай төлем жасауға 3 трлн теңге керек болады. Бізде ондай мүмкіндік бар ма? Бұл салықты 10 пайыз емес, 20 пайызға өсіру керек деген сөз. Біз оған дайынбыз ба? Қазір жергілікті деңгейде бағдарламалар көп. Бюджет бойынша аудит өткізгенде жәрдемақылардың 144 түрі бар екенін анықтадық», - дейді министр. 

Серіктес жаңалықтары