$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда қандай азық-түлік тауарлары қымбаттауы мүмкін

Баға қатты өспейді деп сендірді вице-премьер

Қазақстанда қандай азық-түлік тауарлары қымбаттауы мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин үкіметте өткен брифингте  азық-түлік бағасы қалай өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның сөзіне сенсек, қазір Қазақстан әлеуметтік маңызы бар 10 тауармен өзін 100 пайыз қамтамасыз етіп отыр. Бұл ұн, тұз, күріш, макарон, май, картоп, қой еті, сиыр еті және сәбіз. Тағы он төрт тауар бойынша ішкі нарық 80 пайызға толса, бес өнімді әлі шетелден импорттауға мәжбүрміз.

«Құс еті бойынша өзімізді 73%-ға, шұжық – 60%, балық – 60%, ірімшік және сүзбе – 46%, қант 44%-ға қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл жерде белгілі бір тәуекелдер бар. Әрине, Қазақстанда өспейтін көкөніс пен жеміс-жидектің кейбір түрлері, мысалы апельсин, банан, лимон және тағы басқалары қымбаттауы мүмкін. Бірақ болмашы ғана. Біз үнемі мониторинг жасаймыз, соңғы аптада ештеңе қымбаттаған жоқ»,- дейді Жұманғарин. 

Вице-премьер қазір Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында цитрус жемістеріне кеден бажын төмендету мәселесі қаралып жатқанын айтты.

«Себебі бізде жылыжай салып жатқан кәсіпорындар бар. Ертең мұның бәрі олардың қызметіне қалай әсер ететінін, нарықта қысым күшеймей ме, қарауымыз керек. Сол себепті жақын арада шешім қабылдаймыз. Егер кәсіпкерлерімізге еш қауіп төнбейтініне көз жеткізсек, бажды төмендетеміз. Менің ойымша, бұл айырбас бағамының әсерін азайтатын шығар», - дейді ол.

Жұманғарин маусымаралық кезеңде баға қатты өспейтінін атап өтті.

«Егер баға өсіп жатқанын байқасақ, біз оны түсіруге тырысамыз. Ірі қалаларда жәрмеңкелер өткіземіз, өнім әкелеміз. Баға құбылуы мүмкін, бірақ ол төмен болады», деп сендірді Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары