$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2024, 10:30
Үкімет

«Қазсушар» мен «Нұра топтық су құбыры» бірігеді: үкімет шығыны көп қызмет түрлерін жоймақ

«Қазсушардағы» техниканың жартысынан көбі тозған екен

«Қазсушар» мен «Нұра топтық су құбыры» бірігеді: үкімет шығыны көп қызмет түрлерін жоймақ
Фото: үкімет

Биыл үкімет «Қазсушар» мекемесін мен «Нұра топтық су құбыры» мекемелерін біріктіреп, мекемелердегі шығыны мол қызмет түрлерін жоймақ. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Су кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, көктемде президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мекемелер түбегейлі қайта құрылатынын мәлім еткен. Енді белгілі болып отырғандай, үкімет екі компанияны біріктіріп, ондағы шығындарды едеуір азайтпақ.

«Биыл «Қазсушар»-ды «Нұра топтық су құбыры» компаниясына біріктіру арқылы қайта құрамыз. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында бейінді емес және шығыны мол қызмет түрлерін оңтайландыру басталды. Қазір қолда бар 1440 техниканың жартысынан көбі жаңартуды қажет етеді. Осыған байланысты Үкімет биыл маусым айында 757 бірлік техника сатып алу үшін 51,7 млрд теңге бөлді», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Отырыста сөз сөйлеген премьер-министр де су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы саладағы шығындарды азайту керек екенін алға тартқан.

Серіктес жаңалықтары