$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2020, 17:33
Үкімет

Роман Скляр су басқан Мақтаарал ауданы тұрғындарымен кездесті

Роман Скляр – Мақтааралдағы су тасқынына байланысты құрылған Үкіметтік комиссия төрағасы

Роман Скляр су басқан Мақтаарал ауданы тұрғындарымен кездесті
Фотолар: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр су басқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін жеткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

«Қазақстан Президенті Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде-бір тұрғыны көмексіз қалмайтынын айтты. Сол себепті, сіздерден тек түсіністік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды», - деді Роман Скляр.

4 сәуірде Мақтааралдағы жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылып, оны вице-премьер Роман Скляр басқарады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар жұмыс тобы Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Комиссия шығынды шұғыл түрде есептеу жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен тұрғын үйлер қалпына келтіріледі. Сонымен қатар инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым ретке келтіріледі.

Комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден көмекке келген 50-ге жуық техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары