Мамин «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «Атамекен» басшыларымен кеңес өткізді
Кеңесте кәсіпорындарды қолдау мәселесі қаралды
Үкімет басшысы Асқар Мамин 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында құрылыс саласын, азаматтық авиацияны, өңдеу секторын, агроөнеркәсіптік және көлік кешенін, шағын және орта бизнесті, сауда мен туризмді дамыту және қолдау мәселелері жөнінде кеңестер өткізді.
Бүгін Премьер-министр экономиканың түрлі салаларын қолдау мәселелері жөнінде бірқатар кеңес өткізді. Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтардың басшылығы қатысты.
«Кеңестерде кәсіпкерлік субъектілерін салықтық ынталандыру, несиелендіру мәселелері, отандық тауар өндірушілерді қорғау, реттелетін сатып алулар құралдары, экспортқа бағытталған, ең алдымен, орта және жоғары бөліністегі өнімдерді өндіретін кәсіпорындарды қолдау, рұқсат беру рәсімдерін одан әрі жеңілдету және т. б. шаралар егжей-тегжейлі қаралды», - делінген хабарламада.
Үкімет басшысы А. Мамин Қазақстанның экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу кезінде экономика салаларын қолдау бойынша әбден тексерілген тәсілдерді ескеруді тапсырды.