$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2024, 14:41
Үкімет

Су тасқыны: Үкімет мектептерді қалпына келтіру үшін 7,5 млрд теңге қаражат бөлді

Бұған дейін су шайған жолдарды жөндеу үшін 22,7 млрд теңге бөлінген 

Су тасқыны: Үкімет мектептерді қалпына келтіру үшін 7,5 млрд теңге қаражат бөлді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Үкімет көктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіру үшін төтенше резервтен 7,5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қалпына келтіру жұмысы еліміздің үш өңірін – Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарын қамтиды. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге. Бұл қаражат бүлінген нысандарды қалпына келтіруге, сондай-ақ қираған нысандардың орнына жаңа білім беру мекемелерін салуға жұмсалады.

«Қостанай облысында Жангелдин ауданындағы Айса Нұрманов атындағы мектеп ғимаратын жөндеу жоспарланған. Ақмола облысында Атбасар қаласында №1 мектеп, Атбасар ауданы Сергеевка ауылында «Есіл» сауықтыру кешені, сондай-ақ Державинск қаласында Абай атындағы мектеп салынады. Ақтөбе облысында Көтібар батыр атындағы мектеп және Мұғалжар ауданындағы «Балауса» балабақшасы, Ойыл ауданындағы «Балбөбек» мектеп-бақшасы мен балабақшасы, Екпетал мектебі қамтылады», - делінген құжатта.  

Бөлінген қаражат жергілікті атқарушы органдарға бүлінген ғимараттарды алдағы оқу жылы басталғанға дейін уақытылы қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл – білім беру процесінің үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары