$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2020, 10:06
Үкімет

Наурыз-сәуір айларында азық-түлік 4,2%-ға қымбаттаған

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа кезеңіне өтеді 

Наурыз-сәуір айларында азық-түлік 4,2%-ға қымбаттаған

Үкімет басшысы Асқар Мамин саудагерлер төтенше жағдай режимін пайдаланып, азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқанын айтты.

«Нарықта маусымаралық кезеңде азық-түлік бағасы өседі. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік те бар. Статистикаға сәйкес, 17 наурыз бен 7 сәуір аралығының өзінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 4,2%-ға өскен. Нарыққа қатысушылардың көбі төтенше жағдайды пайдаланып әрекетін етіп жатыр. Сондықтан мемлекеттің қатысуымен бағалардың шекті мәнін белгілеу қажет болды. Бұл фактілер халықты азық-түлікпен қамтудың қолданыстағы жүйелері тиімсіз екенін көрсетті», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сондықтан Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бағаны бақылаудың жаңа әдісіне көшпек. Ол үшін қалаларда көтерме-тарату қоймалары салынады. «Ұлттық тауар өткізу» жобасы 2022 жылға дейін 3 кезеңмен жүзеге асып, 24-тен аса көтерме-тарату орталығы бой көтереді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары