$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2024, 09:17
Үкімет

«Шегіртке халал» деген шенеунік онымен күресу үшін Жетісу облысына аттанды

Серік Жұманғарин Жетісу облысына, Айдарбек Сапаров Түркістан облысына барады 

«Шегіртке халал» деген шенеунік онымен күресу үшін Жетісу облысына аттанды
Фото: istockphoto.com

Үкімет мүшелері шегірткеге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отырыс қорытындысыны бойынша, премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин  Жетісу облысына, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына, ауыл шаруашылығы вице-министрлері Қостанай және Ақтөбе облыстарына жұмыс сапарымен жөнелетіні белгілі болды.

Дереккөзіне сүйенсек, Түркістан облысындағы жағдай қиын. Онда зиянкестер 60 мың гектар алқапқа таралып кеткен. Ауыл шаруашылығы министрлігінің 46 қызметкері іссапармен осы Түркістан облысына аттанған.

«Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ұйымдастыру жұмыстарын жедел басқару үшін Жетісу облысына, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына, ауыл шаруашылығы вице-министрлері Қостанай және Ақтөбе облыстарына жұмыс сапарымен барады», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні үкімет отырысынан кейін журналистердің шегіртке күресіне қарсы күрес туралы сұрағына жауап берген Серік Жұманғарин шегірткені халал жәндік деп, сынның астына қалған.

Серіктес жаңалықтары