29.05.2024, 11:25
Үкімет
Тозған 44 пайыз пойызды жаңарту үшін мың вагон да жетпейді – Қарабаев
Зейнетақы қорындағы қаражатқа биыл 140 вагон алынды
Мәжіліс кулуарында Көлік министрі Марат Қарабаев пойыздардың 44 пайызы тозғанын, бұл мәселе алдағы бірнеше жылда шешілмейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Олардың сапасы айтарлықтай емес. Себебі, қолданылып жатқанына 20 жылдан асқан. Ал ескі вагондар саны қанша екенін қосымша айтамыз. Мыңнан астам жаңа вагон аламыз. Бірақ ол толық 100 пайыз жаңарту үшін жетпейді», - деді ол.
Айта кетерлігі, жыл басында вагон сатып алуға зейнетақы қорынан 184 млрд теңге бөлінді. Қаржының қанша пайызы меңгерілгенін министр нақтылап айта алмады.
Еске салайық, министр Алакөл, Балқашқа билет сатып алу неліктен мүмкін емес екенін түсіндірді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды