Үкімет су тасқыны кезінде әдейі жырылған жолдарды қалпына келтіруге 28,5 млрд теңге жұмсайды

Azattyq Rýhy

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті

Үкімет су тасқыны кезінде әдейі жырылған жолдарды қалпына келтіруге 28,5 млрд теңге жұмсайды
Фото:Azattyq Rýhy

Қазақстанның су басқан өңірлерінде тасқын суды өткізу үшін әдейі бұзылған жол учаскелерін жөндеу үшін үкімет жалпы сомасы 28,5 млрд теңге бөлді. Бұл туралы бүгін Azattyq Ruhy тілшісінің сұрағына жауап бере отырып көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті.

«Су тасқыны кезінде су өтсін деп жақсы жолдар әдейі бұзылған болатын, соны қалпына келтіру үшін қанша қаражат кетті», - деп сұрады журналист министрден.

«Бұзылған жолдар бойынша мына мәлімет бар, жалпы ұзындығы 33 шақырым 11 участок бар. Яғни, олардың әрқайсысы емес, сол 11 участокты қоссақ, 33 шақырым ұзындық шығады. Республикалық маңызға ие осы жолдарды қалпына келтіру үшін 8,5 млрд теңге бөлінді. Жергілікті жолдар бойынша 275 усчасток бар, оларға  20 млрд теңге қажет», - деді Қарабаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.