$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2019, 14:54
Үкімет

Мектептерде ешкім діни уағыз жүргізе алмайды – Білім министрі М.Тазабек туралы

Жақында Ақтөбедегі мектептердің бірінде М.Тазабековтің оқушылармен кездесуі өтетіні жөніндегі афиша тарап кеткен еді

Мектептерде ешкім діни уағыз жүргізе алмайды – Білім министрі М.Тазабек туралы

Бүгін ҚР Парламенттегі Үкімет сағатына келген Асхат Аймағамбетов еліміздегі әскерилер мен полиция қызметкерлеріне дәріс оқып, көпшілік сынына ұшыраған бұрынғы айтыскер, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабектің мектептерде кездесу өткізуі туралы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.  

«Мектептерде іс-шараны тек мұғалімдер өткізе алады. Мұхамеджан Тазабекпен жоспарланған кездесу ақырында болған жоқ қой. Сондықтан, мен жоспарланған шараларға қатысты ештеңе айта алмаймын. Егер сол кездесу өтсе, мен не үшін өткеніне жауап беретін едім», - деді ол.

Министр сонымен бірге білім беру ұйымдарында кез-келген адам діни үгіттеу лекцияларын жүргізе алмайтынын айтты.

«Мектептерде ішкі тәртіп бар. Ол әділет органдарында тіркеледі. Бұл жағдайда (кездесулерге қатысты – автор) мектептер соған сүйеніп шешім қабылдайды», - деп түйіндеді сөзін министр.

Еске салайық, жақында Мұхамеджан Тазабектің полиция қызметкерлерімен өткізген кездесуінде айтқан пікірлері әлеуметтік желілерде сынға ұшырады. Осы шудың артынан Ақтөбедегі мектептердің бірінде М.Тазабековтің оқушылармен кездесуі өтетіні жөніндегі афиша тарап кеткен еді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары