Энергетика министрі Сәтқалиев журналистердің кешірімін талап етті

Azattyq Rýhy

Бұл туралы бүгін ол үкімет кулуарында айтты

Энергетика министрі Сәтқалиев журналистердің кешірімін талап етті
Фото: sk.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Атом электр станциясы туралы пікірін жариялаған журнал мен журналистерден кешірім талап етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев Атам электр станциясын салуға қатысты референдум биыл жыл соңында өтуі мүмкін деген еді. Azattyq Ruhy тілшісі бүгін үкімет кулуарында Энергетика министрі Сәтқалиевтен осы мәлімдемеге қатысты қосымша ақпарат сұрады. Бірақ, Сәтқалиев бұл мәлімдемеге қатысты дерек жоқ екенін айтты. Есесіне, атом электр станциясын салу туралы айтқан сөздерін жазған журналистерден кешірім талап етті.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында «Сәтқалиев референдум өткізуге негіз жоқ деп айтты» деген материалдар шықты. Менің ойымша, бұл басылым менен ресми түрде кешірім сұрауы тиіс. Өйткені, мен «заңға сәйкес, қажеттілігі жоқ деп санаймын» дегенмін. Бірақ, халықтың мәлімдемесіне, мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес саяси шешім қабылданған соң, біз референдуммен айналысамыз. Сондықтан, менің ойымша, журнал редакциясы мен журналдың  меншік иесі менен кешірім сұрауы тиіс», - дейді Сәтқалиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.