06.05.2024, 12:28
Үкімет
Ұлытаудан Қызылорда көлдеріне қарай 839 млн текше метрден астам су кетті
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева мәлім етті
Фото: istockphoto.com
Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын су жіберілді, деп хабарлайды Azattyq ruhy.
«Су тасқыны кезінде Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан 839 млн текше метрден астам су жіберілді. Осының нәтижесінде, алғаш рет Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне жетті», - деп хабарлады ол.
Дереккөзге сүйенсек, қазір Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесе су жақсы жиналғаны байқалады.
«Бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына ағызылады»,- деп хабарлады Мөлдір Әбдуәлиева.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
