$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2020, 12:57
Үкімет

Министр 42,5 мың теңгені не үшін бәріне бірдей беруге болмайтынын түсіндірді

Бүгінге дейін әлеуметтік төлем 3,6 млн адамға тағайындалған

Министр 42,5 мың теңгені не үшін бәріне бірдей беруге болмайтынын түсіндірді

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек - төтенше жағдай уақытындағы мемлекет беріп жатқан көмектердің бір түрі ғана. Сондықтан оның жеке шарттары бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Көмек неге барлық қазақстандыққа бірдей беріле салмайды?» деген сұраққа осылай жауап қатты.

«Үкімет тарапынан біраз көмек қарастырылды. Қазір де қарастырылып жатыр. Несие, салық, қарыздарды шегерді. Зейнетақы мен жәрдемақы тоқтаған жоқ. Қайта ұлғайды. Бірақ сол ұлғайған қаражат бөлінгенге дейін біз сәуір айына тиесілі төлемді аударып қойдық. Сондықтан мамырда сәуір айының үстіндегісін қосып береміз. Ал, халықтың әлжуаз тобына жататындардың коммуналдық шығынын 15 мың теңгемен өтеп беру туралы шешім қабылданған. Азық-түлік алуға көмек үшін тағы да жәрдем қарастырылды. Ал, 42 500 теңге – төқтенше жағдайда жалақысынан, табысынан айрылғандарға берілетін көмектің бір түрі», - деп айтты ол.

Бүгінге дейін Қазақстанда 3 млн 690 мың адамның есепшотына 42 500 теңге әлеуметтік төлем аударылған. Жалпы жұмсалған ақша – 156 млрд теңге. Сондай-ақ 3 млн-дай азаматтың өтініші қате толтырылғаны немесе талапқа сай болмағаны үшін мақұлданбаған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары