$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2020, 15:17
Үкімет

І тоқсан: теміржол арқылы жүк тасымалы артып, жолаушылар тасымалы төмендеді

Бірінші тоқсанда теміржол арқылы тасымалданған жүк көлемі 2,1%-ға артты

І тоқсан: теміржол арқылы жүк тасымалы артып, жолаушылар тасымалы төмендеді
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында елімізде теміржол көлігімен 96,9 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% көп. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.  

«Жалпы алғанда, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында транзиттік тасымалдың жалпы көлемі 4,8 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 млн тоннаға немесе 26% жоғары. Сондай-ақ, 2020 жылғы алғашқы тоқсанда контейнерлік тасымалдың жалпы көлемі 149,30 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 7% жоғары», - делінген хабарламада.

Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлер тасымалдау көлемі 76,3 мың ЖФЭ құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11% көп. Ал жолаушылар тасымалының көрсеткіші бұл кезеңде 8% төмендеп, 4,8 млн адамды құрады.

Серіктес жаңалықтары