16.04.2024, 17:49
Үкімет
Су тасқыны: Халықтың несиесі 30 маусымға дейін шегерілді
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр
https://primeminister.kz/
Қазақстандағы су тасқынына байланысты зардап шеккен адамдарға берілетін мемлекеттік қолдау шараларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тізімге сай, зардап шеккендер санатына өткен халықтың несиесі шегеріліп, банктер айыппұл алмайтын болды. Үкімет ұсынатын материалдық көмектің тізімі мынандай:
- 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу;
- жоғалған және/немесе бүлінген мүліктің өтемақысы;
- су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматқа кредиттер бойынша төлемдер 3 айға, яғни 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымға дейі автоматты түрде кейінге қалады;
- зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасқынының салдарына байланысты төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды;
- су тасқынының салдарынан кәсіптері шығынға ұшыраған, барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерге, сондай-ақ шағы және орта бизнес субъектілеріне кредиттер бойынша төлемдер олар берген өтініштің негізінде кейінге қалады;
- кредиттік ұйымдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарында өтініш беруді нақты алгоритмдері және кредиттерді қайта құрылымдаудың тәртібі жарияланады.
- Қарыз алушылардың банктермен және МҚҰ-мен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін қашықтан өтініш беру сервисі іске қосылады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады