16.04.2024, 15:10
Үкімет
Тоқаев Петропавлда 50 жыл бұрын салынған су торабына барды
Бұл нысан Есіл өзенінің ағысын реттейді
Фото: Ақорда
Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавл су торабына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақорда хабарлағандай, іргетасы 1973 жылы қаланған нысан Сергеевка және Петропавл су қоймаларының белгіленген режимде толтырылып, іске қосылуын қамтамасыз ету арқылы Есіл өзенінің ағысын реттейді.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстағы су тасқынының себебі Есіл өзеніндегі мұз бен Ақмола облысынан келген ағын су дейді. Биыл сең жүрген кезде су деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Бұл инфрақұрылымның істен шығуына және Есіл өзенін жағалай орналасқан елді мекендерді су басуына әкеп соқтырған.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады